📚 КҮНДЕЛІКТІ ОҚЫЛАТЫН ДҰҒАЛАР 📗📘📙📓📔 📗 Таңертең ұйқыдан тұрғанда оқылатын дұға اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَحْيَاناَ بَعْدَ مَا اَمَاتَنَا وَاِلَيْهِ النُّشُورُ Оқылуы: «Әлхамдулилләһи әлләзи ахяна баъда мә әмәтәнә уә иләиһин-нушур». Мағынасы: «Өлгеннен кейін қайта тірілткен Аллаһқа мадақ болғай! Өлгеннен кейін қайта тірілуіміз тек Оған ғана тән». 📘 Төсекке жатқанда оқылатын дұға اَللَّهُمَّ بِاسْمِكَ اَمُوتُ وَاَحْيَا Оқылуы: «Аллаһуммә бисмикә әмуту уә әхя». Мағынасы: «Аллаһым! Тек Сенің есіміңмен өлеміз және тірілеміз». 📙 Уайым-қайғыдан құтылу үшін оқылатын дұға: ياَ حَىُّ يَا قَيُّومُ بِرَحْمَتِكَ اَسْتَغِيثُ Оқылуы: «Я хайю, я қайюуму. Бирахматика әстағису». Мағынасы: «Уа, мәңгі тірі тұрушы және әр нәрсені толық меңгеруші Раббым! Сенің мейіріміңе сиынып, сенен жәрдем тілеймін». Қ📓атты қиналғанда оқылатын дұға لاَ اِلَهَ اِلاَّ اَنْتَ سُبْحَانَكَ اِنِّى كُنْتُ مِنَ الظَّالِمِينَ Оқылуы: «Лә иләһә иллә әнтә. Субханәкә, инни кунту миназ-залимин». Мағынасы: «Сенен басқа Тәңір жоқ. Сені кемшілік атаулыдан пәктеймін. Расында, мен өз-өзіме зұлымдық етушілерден болдым». 📔 Үйден шығарда оқылатын дұға بِسْمِ اللهِ تَوَكَّلْتُ عَلَى اللهِ، وَلاَ حَوْلَ وَلاَ قُوَّةَ اِلاَّ بِاللهِ Оқылуы: «Бисмилләһи, тәуәккәлту ала Аллаһи, уә лә хәулә, уә лә қууата иллә билләһи». Мағынасы: «Аллаһтың атымен, Аллаһқа тәуекел еттім. Күш-қуат тек Аллаһтан». 📕 Бір нәрсе жоғалтқанда оқылатын дұға عَسَى رَبُّنَا اَنْ يُبْدِلَنَا خَيْرًا مِنْهَا اِنَّا اِلَى رَبِّنَا رَاغِبُونَ Оқылуы: «Аса Раббунә ән юбдиләнә хайран минһә, инна илә Раббина рағибун». Мағынасы: «Раббымыз бізге бұдан да жақсысын береді. мүмкін. Расында, біз Раббымызға бет бұрдық». 🍴 Ас ішерде оқылатын дұға اَللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِيمَا رَزَقْتَنَا وَقِنَا عَذَابَ النَّارِ بِاسْمِ اللهِ Оқылуы: «Аллаһумма бәрик ләнә фимә разақтәнә уа қина азәбәннар, бисмилләһи». Мағынасы: «Аллаһым! Бізге берген ризық-несібелеріңе береке бер және бізді от азабынан сақтай гөр! Аллаһтың есімімен». 🍵 Астан кейін оқылатын дұға اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَطْعَمَنِى هَذَا وَرَزَقَنِيهِ مِنْ غَيْرِ حَوْلٍ مِنِّى وَلاَ قُوَّةٍ Оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи атамани һәзә, уә разақаниһи мин ғайри хаулин минни уә лә қууатин» Мағынасы: «Менен ешбір күш-қуат жұмсамай бұл тағамды жегізген және оны маған ризық етіп берген Аллаһқа мадақ болғай». 📒 Жақсы түс көру үшін оқылатын дұға اَللَّهُمَّ اِنِّى اَسْئَلُكَ رُؤْيًا صَالِحَةً صَادِقَةً غَيْرَ كَاذِبَةٍ نَافِعَةٍ غَيْرَ ضَارَّةٍ Оқылуы: «Аллаһумма инни әс-әлукә руян салихатән, садиқанғайра кәзибатин, нәфиатин ғайра дарратин». Мағынасы: «Аллаһым сенен шын салиқалы жалғандықтан ада, пайдалы, залалы болмайтын түс (көруімді) сұраймын». 📓Ауызашар дұғасы ذَهَبَ الظَّمَأُ وَابْتَلَّتِ الْعُرُوقُ وَثَبَتَ اْلاَجْرُ اِنْ شَاءَ اللهُ تَعَالَى Оқылуы: «Зәһәбәз-замау уәбталлатил-уруқу уә сәбәтәл әжру. Инша Аллаһу таала». Мағынасы: «Шөл басылып тамырларға қан тарады. Сауап та Аллаһ тағаланың қалауымен орнықты». 📔 Жұма күні таңертең оқылатын дұға اَسْتَغْفِرُ اللهَ الَّذِى لاَ اِلَهَ اِلاَّ هُوَ الْحَىُّ الْقَيُّومُ وَاَتُوبُ اِلَيْهِ Оқылуы: «Астағфируллаһәлләзи лә иләһә иллә һуәл хайюл қайиуму уә әтубу иләйһи». Мағынасы: «Өзінен басқа ешбір тәңір болмаған, әрдайым тірі, әр нәрсені толық басқарып тұрушы Аллаһтан күнәларыма кешірім сұраймын және оған тәубе етемін». 📙 Ұйқысыздық кезінде оқылатын дұға اَعُوذُ بِعِزَّةِ اللهِ وَبِقُدْرَتِهِ مِنْ شَرِّ مَا اَجِدُ وَ اُحَاذِرُ Оқылуы: «Аъузу би иззәтилләһи уә би қудратиһи мин шәрри мә әжиду уә ухазиру». Мағынасы: «Тартқан азабым мен мазасыздығымның жаманшылығынан Аллаһтың ұлықтығы мен құдіретіне сиынамын». 📔 Әжетханаға кірерде оқылатын дұға اَللَّهُمَّ اِنِّى اَعُوذُ بِكَ مِنَ الْخُبْثِ وَالْخَبَائِثِ Оқылуы: «Аллаһумма инни аъузубикә минәл хубси уәл хабаиси». Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Жын-шайтанның кесапаттарынан және барша жамандықтардан Өзіңе сиынамын. Мені олардан қорғай гөр». 📓 Әжетханадан шығарда оқылатын дұға اَلْحَمْدُ ِللهِ الَّذِى اَذْهَبَ عَنِّى اْلاَذَى وَعَافَانِى Қазақша оқылуы: «Әлхамдулилләһилләзи әзһәбә анил-әзә уә афани». Мағынасы: «Жанымды азаптайтын қиыншылықтан құтқарып, маған амандық пен саулық берген Аллаһ тағалаға мадақ болғай». 📗 Намаздан кейін оқылатын дұға اَللَّهُمَّ أَعِنِّى عَلَى ذِكْرِكَ وَشُكْرِكَ وَحُسْنِ عِبَادَتِكَ Оқылуы: «Аллаһуммә аинни алә зикрикә уә шүкрикә уә хусни ибадәтикә». Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Өзіңді еске алуға, Өзіңе шүкіршілік етуге әрі Өзіңе көркем түрде құлшылық етуге маған жәрдем ете гөр». 📘 Жаңбыр жауғанда оқылатын дұға اَللَّهُمَّ صَيِّبًا نَافِعًا Оқылуы: «Аллаһуммә сайибән нәфиған». Мағынасы: «Уа, Аллаһ! Нөсерлетіп пайдалы жаңбыр жаудыр». 📙 Садақа бергенде оқылатын дұға رَبَّنَا تَقَبَّلْ مِنَّا اِنَّكَ اَنْتَ السَّمِيعُ الْعَلِيمُ Оқылуы: «Раббанә тақаббәл миннә иннәкә әнтәссәмиғул алим». Мағынасы: «Раббымыз бізден қабыл ет! Күдіксіз Сен естушісің және білушісің». 📓 Әлдебір шығынға ұшырағанда оқылатын дұға عَسَى رَبُّنَا اَنْ يُبْدِلَنَا خَيْرًا مِنْهَا اِنَّا اِلَى رَبِّنَا رَاغِبُونَ Оқылуы: «Аса Раббуна ән юбди ләнә хайран минһә иннә илә раббинә рағибун». Мағынасы: «Аллаһ бізге оның орнына одан да жақсысын береді. Біз Раббымызды қалаймыз». 📔 Шипа үшін оқылатын дұға اَللَّهُمَّ رَبَّ النَّاسِ مُذْهِبَ الْيَأْسِ اِشْفِ اَنْتَ الشَّافِى لاَ شَافِىَ اِلاَّ اَنْتَ اِشْفِ شِفَاءً لاَ يُغَادِرُ سَقَمًا Оқылуы: «Аллаһумма раббан нәси музһибәл яси. Ишфи әнтә әш-шәфи лә шәфия иллә әнтә. Ишфи шифә-ән лә юғадиру сәқәмән». Мағынасы: «Уа, адамзаттың Раббы! Қиындықты жоюшы. Дерттерге шипа беруші. Өзіңнен басқа шипа беруші жоқ. Ауру-сырқат түгілі аурудың ізі де қалмайтындай шипа бере гөр».

Теги других блогов: дұға оқылатын дұғалар мүсәлмән